Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Талдау және мониторинг» бөлімімен бірлескен Астана қаласы әкімдігінің «№82 «Дарын» мамандандырылған лицей» КММ-нің ұйымдастыруымен «Озық педагогикалық тәжірибе – инновациялық идеялар алаңы» тақырыбындағы республикалық семинар өтті. Семинар пленарлық бөлім, көрме және секциялық бөлімдерді қамтыды.
Іс-шараға республика мектептерінің жас директорлары мен мұғалімдер қатысты. Қонақтар мен қатысушылар өзінің озық педагогикалық идеяларымен бөлісті. Семинардың ашылуында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім мазмұны институтының ғалым хатшысы, педагогика ғылымдарының магистрі Есепбай Жанбота Есепбайқызы мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Талдау және мониторинг бөлімінің әдіскері Баяхметбаева Кунумбала Изтолеуовна сөз сөйлеп, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату заман талабы екендігін айтып өтті.
Пленарлық бөлімде «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Абишев Төлеу Рыспекұлы мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Талдау және мониторинг» бөлімінің әдіскері Айгараева Раушан Ратовна сөз сөйлеп, авторлық бағдарлама жазудың алгоритмдерін түсіндірді. Астана қаласы әкімдігінің «№82 «Дарын» мамандандырылған лицей» КММ директоры Бейсенбина Айгуль Базарбаевна «Озық педагогикалық тәжірибе – инновациялық идеялар алаңы» тақырыбында баяндама оқып, педагогтердің зерттеушілік әрекетінің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар семинар қонақтары «Озық педагогикалық тәжірибе – инновациялық идеялар алаңы» көрмесін аралап, педагогтердің авторлық бағдарламаларымен танысты. Білім алушылардың авторлық бағдарламалар аясында жасаған ғылыми жобаларын тамашалады.
Секциялық бөлімде 36 педагог жаратылыстану бағытындағы пәндер, гуманитарлық бағытындағы пәндер, бастауыш сынып және эстетикалық бағытындағы пәндер бойынша өз іс-тәжірибелерін трансляциялап, бағдарламаларымен таныстырып, нәтижелілігін көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс орнап, келген қонақтар авторларға өз пікірлерін білдірді.
Байланыс телефондары:
Астана қаласы әкімдігінің «№82 «Дарын» мамандандырылған лицей»:
тел. +77172-20-28-44. Email: 82.astana.bilim@gmail.com
Астана қаласының Әдістемелік орталығы: тел. 8 (7172) 48 11 57, +7 747 200 52 96 – баспасөз хатшысы. E-mail: reception@astana-modern.edu.kz