Орыс тілінде оқытатын сыныптарда эстетикалық бағыттағы пәндерді қазақ тілінде жүргізу

2024 жылғы 2 мамыр күні Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни атындағы №85 мектеп лицейінде 2021-2024 жылдар аралығында эксперименттік алаң жұмысының қорытындысы бойынша «Орыс тілінде оқытатын сыныптарда эстетикалық бағыттағы пәндерді қазақ тілінде жүргізу» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар барысында «Орыс тілінде оқытатын сыныптарда эстетикалық бағыттағы пәндерді қазақ тілінде жүргізуде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаларды сөздік қорын молайту, дамыту бойынша педагогтерінің іс-тәжірибиесімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар білім алушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейлерінің жоғары екенін атап өтіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған