2024 жылдың 20 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Талдау және мониторинг» бөлімінің қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің №32 мектеп-гимназиясында «Отбасы академиясы-сапалы білім кепілі» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинар-практикумға Астана қаласы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар қатысты. Семинар-практикумның мақсаты: мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеудегі ынтымақтастығын нығайту бойынша практикалық тәжірибе алмасу. Семинарға барлығы 147 адам қатысып, өзара тәжірибе алмасу платформасы жүзеге асырылды.
Пленарлық отырыс барысында шақырылған спикерлер Әкім Ысқақ – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, Санжар Керімбай “Отбасы хрестоматиясы” жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы, Айтмаганбет Мақсұтбек Дүйсенбекұлы-председатель республиканского союза отцов, Тымболова Алтынай Оразбекқызы – филология ғылымдарының докторы, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, Астана қаласы «Білім басқармасының» жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістемесі бөлімінің меңгерушісі Аманкельдиева А.А., Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» басшысының орынбасары Ж.К.Амиргалиев пленарлық отырыста семинардың тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға салды. Отбасы тәрбиесінде баланың білім алуға, оқуға деген ынтасын жетілдіру жолдары бойынша пікірлерімен бөліседі.
«ҰЛТТЫҚ ӨНЕГЕ» атты ІІ бағыт бойынша тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары Б.Ж.Шалахаев тарапынан ұйымдастырылған әкелер кеңесінде Әкім Ысқақ, Санжар Керімбай, Сейілбек Мырзабай – “Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қорының сарапшысы, авторы, психолог, аналар мектебінің кеңесінің жұмысы барысында Тымболова Алтынай Оразбекқызы, тарихшы-этнолог, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, “Қара шаңырақ” қоғамдық бірлестігінің директоры, қоғам қайраткері Шәкен Тұрар Саттарқызының, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары З.С.Садыкованың қатысуымен бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуге тырысты, тренер Абдакабаева Ә.С. ізгілік педагогикасының қағидалары туралы шебер-сынып өткізіп, блогер Бекибаева Динара жаппай оқыту жайлы тәрбие қағидалары туралы өздерінің жеке тәжірибесімен бөлісе отырып, коучинг өткізді.
ІІІ БАҒЫТ: ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ тақырыбында №32 мектеп-гимназиясының сынып жетекшілері – «Мамандықтар әлемі немесе қандай есікті ашу керек?» – тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Марина Викторовна Огурцова, оқу жұмысы бойынша директор орынбасары Д.А.Оразалина ТРЕНИНГ, «Жасөспірімдер қарым-қатынасының ерекшеліктері» – физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Дюсюпова Гүлшат Жұмахановна, математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Гүлжайна Маматқызы Абдыраймова, оқу жұмысы бойынша директор орынбасарлары Н.Е.Кищенко, Г.Х.Муканова WORKSHOP, “Мемлекеттік тіл беделі” – қазақ тілі мұғалімі, сынып жетекші, педагог-сарапшы Басембаева Әйгерім Қыстаубайқызы, ағылшын тілі мұғалімі, сынып жетекші, педагог-сарапшы Гостева Карина Владимировна, бейіндік оқыту бойынша директор орынбасары К.Т.Зейнелова WORKSHOP, “Еңбек және оның табысқа әсері” -тарих пәнінің мұғалімі, сынып жетекші, педагог-модератор Байдәулет Үсенұлы Әбдікарімов, оқу жұмысы бойынша директор орынбасары О.А.Карина КОУЧИНГ өткізіп, қатысушылармен тәжірибе жүзінде жұмыс жүргізді.
Семинар жұмысы мектеп психологі Абрамова Ольга Александровна мен әлеуметтік педагог Мамедова Надежда Иватовнаның тарапынан “ПСИХОЛОГИЯ САҒАТЫ” тақырыбында тренинг өткізіп, мектеп әкімшілігі семинар жұмысын қорытындылап, мектеп-гимназия директоры Г.Б.Байтас кері байланыс өткізді.