2024 жылдың 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясының ұйымдастыруымен жалынды ақын Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН КҮЙЛЕРІ-РУХАНИЯТ ЖАҢҒЫРУЫ» атты республикалық әдістемелік-практикалық конференция өтті.
Конференция мақсаты жалынды ақын Махамбет Өтемісұлының шығармаларын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа жеткізу, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытудағы педагогтердің тәжірибесін тарату, педагогтердің шығармашылық әлеуетін көтеру.
Іс-шара пленарлық отырыстан басталып, әдебиеттану секциясы «Азамат — ердің баласы…», музыка «Мен — мен едім, мен едім…», тарих «Ереуіл атқа ер салмай…» аталымындағы белсенді секция талқылауымен жалғасты.
Конференцияның ашылу салтанаты Астана қаласы №1 Балалар музыка мектебінің «Серпер» домбырашылар тобы өнерпаздарының Б.Ақтаевтың шығармасы «Алаш аманаты» күйімен бастау алып, «Махамбет толғауындағы Исатай бейнесі» сахналық қойылымымен ұласты. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Амиргалиев Жангелді Қуандықұлының құттықтау сөзімен басталды.
Республикалық конференцияның пленарлық отырысын Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, филология факультеті, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлының «Махамбет жырларындағы азаматтық бейне, ұлттық рух», Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, «Республикалық Махамбет» атындағы сыйлықтың лауреаты Шамғонов Аманкелді Шамғонұлының «Ақын және батыр Махамбет Өтемісұлын мектептерде оқыту», Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Өнертану» мамандығының қауымдастырылған профессоры, «Халық күйшісі» медалінің иегері Мұстафаев Ерболат Жұмашұлының «Махамбет – қазақ еліне бостандық сыйлаған тұлға», Астана қаласы №5 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ы. Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгілерінің иегері, «Махамбеттану» қолданбалы курсы бағдарламасының авторы Қылышбаева Күлзипа Ауесовнаның «Махамбет жырларының ұлттық мұраты – «Мәңгілік Ел» жеке тұлғаға бағытталған сабақтардың ажырамас бөлігі», ҚазҰӨУ, «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы ҚР Мәдениет саласының үздігі Сулейменова Рысты Хасеновнаның «Махамбет Өтемісұлының музыкалық мұралары», ҚазақҰӨУ, «Домбыра» кафедрасының оқытушысы, PhD, күйші Тоқтаған Айтолқын Айтжанқызының «Махамбет күйлеріндегі өкініш сарындары мен күрескерлік рух» баяндамасымен жалғасын тапты. Білім беру ұйымдарынан әр секцияға қатысқан педагогтер өз жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсете білді.
Сөз соңында мынадай ой келеді ақын аңсаған тәуелсіздікке жеткен бүгінгі ұрпақ әлі күнге дейін Махамбет жырларын оқып бойына қуат алады, жігерін жаниды… Бостандықтың жолында қандай қиыншылық көрсе де, бүгінгі тәуелсіздік – Махамбеттің орындалған арманы деп білеміз.
Кім таныса Махамбетті шындығынан танысын.
Халқын мұңға қалдырғанмен,
Сатқынға бас алдырғанмен,
Еңкейтпестен сақтай білді ол ұлтының өр намысын.
Жұрт сондықтан пір тұтады Махамбеттей арысын!
Күрес әлі жүріп жатыр шындық үшін, ар үшін…
Конференция соңында барлық қатысушылар іс шараға оң бағасын беріп жатты. Жалпы конференция өз мақсатына жетті. Көптеген тың ақпараттар айтылды, ұсыныстар жасалды.