Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог- психологтарымен өткен семинар-практикум

2024 жылдың 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог- психологтарына арналған «Эмоционалдық күю синдромы және оның пайда болуының негізгі факторлары» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараның бағдарламасына сәйкес, орталықтың әдіскері А.Исабекова «Эмоционалды күю синдромы және оның дамуына ықпал ететін факторлар» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

№56 мектеп-лицейінің педагог-психологы А.Жаппашова «Педагогтардың кәсіби күюі және оның алдын алу техникалары» бойынша семинар – тренинг, №37 «Арман» балабақшасының педагог-психологы С. Буралкиева «Әлемге оң көзқарас» тақырыбында психологиялық жаттығулар жүргізіп, тәжірибе алмасты.

Іс-шараға 39 педагог-психолог қатысты. Қатысушылардың жеке бойындағы кәсіби күйзелудің көрсеткішін анықтау мақсатында сауалнама толтырылып, әрбір педагог – психолог өз жағдайына талдау жасады.Диалогтық алаңда педагогтардың психикалық саулығын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып, психологиялық қолдау көрсету техникаларын тиімді қолдану жайлы пікірлер мен ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *