Біз нені үйрендік?

2024 жылдың 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сәуір айының жоспарына сәйкес «Біз нені үйрендік?» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Қ. Нұртаева «Жеке  тұлғаның қажеттіліктерін қалыптастырып,  дамытуда инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану» тақырыбы бойынша инновациялық технологиялардың тиімділігіне тоқталып өтті.  

М. Алтайқызы №82-Дарын мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пән мұғалімі «Оқытамын,үйренемін» тақырыбында, Ж. Шаймуратова

№53 мектеп – лицейінің  математика пәні мұғалімі «Математика сабағында қолданылатын заманауи көрнекі құралдар» тақырыбында,

 Б. Бисенғалиұлы  №60 мектеп-лицей математика пәні мұғалімі «Мен нені үйрендім?» тақырыбында,  А. Талгатұлы, Б. Муханбетов  №56 мектеп-лицей математика пәні мұғалімдері «Біз  нені үйрендік?» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.                                                                                                                                                   

Кері байланыс кезінде жас мамандар тәжірибе алмасқан мұғалімдермен  кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған