2024 жылдың 29 сәуір күні Астана қаласы әкімдігіні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес қазақ тілі мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен №82 «Айару» балабақшасында «Жас маманның кәсіби және шығармашылық дағдыларын дамыту: Мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Мақсаты: жас мамандардың кәсіби және шығармашылық дағдыларын дамыту, маманның оқу-тәрбие процесіне идеяларды шығармашылықпен енгізуге көмектесу, кәсіби іс-әрекетінің қалыптасуына ықпал ету.
Семинар барысында №20 «Арайлым», №9 «Нұршашу», №82 «Айару», №90 «Еркежан», №77 «Қошақан» балабақшасының қазақ тілі мұғалімдері жас мамандарға «Балабақшада қазақ тілі ұіә құжаттарын дұрыс толтыру маңыздылығы», «Балалардың сөздік қорын дамытуда үстел үсті ойындарының маңызы», «Интерактивті ойын әдістері», «Жас маманның кәсіби және шығармашылық даму баспалдағы» тақырыбында шебер-сыныптар өткізді.
Семинарға 40-қа жуық жас маман қатысты.