Инклюзивті білім беру жағдайында балабақша педагогтерінің өзара байланысы

2024 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №89 «Қыз Жібек»  балабақшасында  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен арнайы мамандарына арналған «Инклюзивті  білім  беру жағдайында балабақша педагогтерінің өзара  байланысы»  тақырыбында   семинар-практикум өтті.

Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының  сенсорлы интрегация элементтерін қолдана отырып балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар  қатысушыларымен  Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық іс әрекетін заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығулар  арқылы дамыту жолында  түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған