2024 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен № 45 орта мектебі базасында «1000 мектеп» жобасы аясында мектеп директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Білім беру сапасын басқарудың негіздері» тақырыбында семинар кеңес өтті.
Семинар барысында № 17, 47 мектеп – гимназияларының, № 45 орта мектеп директорының орынбасарлары білім беру сапасын басқарудағы іс – тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушыларына мектепішілік бақылауды жүзеге асыру алгоритмі бойынша ақпараттық – әдістемелік көмектер берілді.