2024 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласындағы №98 «Мирас» бөбекжай-бақшасында Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мен Тәрбиешілер қауымдастығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлеріне арналған Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ этнопедагогикасын насихаттаудың инновациялық жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мақсаты: қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау және оны насихаттаудың инновациялық жолдарын іздестіру.
Міндеттері:
– қазақ этнопедагогикасын мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіндғ пайдаланудың теориялық негіздерін ашу;
– мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбие берудің инновациялық жолдарын қарастыру.
Семинар бағдарламасында:
– «Мектеп жасына дейінгі балаларды этнопедагогика құралдарын пайдалану мәдениетіне тәрбиелеудің әдістері мен жолдары» шебер сынып – Булекбаева Г.С., Бүлғынбай А.Е., Ескайрова А.Г., №17 «Ер-Төстік» бб;
– «Алтын сандық» ойындары – Дүйсенбек Ш., Есеналиева С.Н. №51 «Алтын сандық» бб;
– «Балабақшада қазақ этнопедагогикасын пайдалану» тәжірибе бөлісу – Абдурахманова А. А. «Baby village» бб;
– «Мектепке дейінгі балалардың дағдылары мен біліктерін жаңашыл асық ойындары арқылы дамыту» Абибуллаева А.А., Жумабаева Н.Т. №66 «Толағай» бб;
– «Интеллектуалдық асық» үстел үсті ойыны – Утегенова А.О. №41 «Үркер» бб;
– «Ұлттық тәрбие негізі – балабақшада» Құмарова А.Ы., Кантарбаева Ж.М. №98 «Мирас» бб.
Семинар аясында қазақ этнопедагогикасына негізделген түрлі инновациялық әдіс-тәсілдер мен ойындар ұсынылды. Бұл әдістер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді қызықты және тиімді етуге көмектеседі, сонымен қатар балалардың дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Семинар барысында ұсынылған тәжірибе қазақ этнопедагогикасын мектепке дейінгі білім беру тәжірибесінде қолданудың жаңа идеяларымен және тәсілдерімен байытуға мүмкіндік берді.