2024 жылдың 23 сәуір күні Әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің жұмыс жоспары бойынша Құрылыс-техникалық колледжінің базасында «Тең мүмкіндіктерді іске асыру» тақырыбында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту мәселесі семинар-практикум өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен оқу процесін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту процесін ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді психологиялық қолдау, нашар көретін және зағип студенттермен жұмыс істеу ерекшеліктері талқыланып, «Ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша инклюзивті топтағы педагогтердің жұмыс тәжірибесі көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, педагогтер ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің қатысуымен өткен «Ағаш ұстасы жұмыстарын біріктіру» және «Сылақ жұмыстары» тақырыбындағы шебер-сыныптарға қатысты.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, пікір алмасты.
Астана қаласы Әкімдігінің Әдістемелік орталығы педагогтар үшін нағыз қажет және өзекті тақырыптарды дұрыс таңдап өз уақытында қажетті іс-щараларды дер кезінде өткізіп, ақпараттандыруды өте жа0сы жолға қоя білген!!!!