2024 жылғы 23 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кеңес беру пункттерінің жұмысын жүргізу, педагогтердің аттестаттаудан өтуі, «Балақайлар мектебі» және әдістемелік зерделеу бойынша вебинар өткізді.
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысы Дауешова Сындар Мұратқызы балабақшаларда кеңес беру пункттері 2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап жұмыс жасап жатқандығын және 4000- нан аса мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен қамтылмаған балаларға көмек көрсетіліп, ата-аналарға кеңес берілгендігін атап өтті. Сонымен қатар, Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарында көрсетілген іс-шаралардың орындалу барысы мен мақсатына, өткізілетін байқаулар, әдістемелік күн, әдістемелік десант және зерделеулерге толық шолу жасап көрсетті.
Сонымен қатар аттестаттаудан өтетін педагогтердің құжаттарының дайындалу тәртібіне, сабақтарға қатысуына және ақпарат беріп отыруға орталық әдіскерлерінің әдістемелік көмек көрсетуге дайын екенін, дегенмен ұйым басшысы аттестаттауға қажетті құжаттардын даярлануына тікелей жауапты екенін атап өтті.
Жазғы кезеңде мектептерде 1-сыныпқа түсетін балаларға арналған «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлығының қысқа мерзімді курстарын ұйымдастырылатыны және мақсаты «Балақайлар мектебі» курстарын ұйымдастыру және енгізу мәселелері бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, балалардың бастауыш мектепте оқуға интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-ерікті дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру болып табылатыны айтылды.
Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Қ.С.Көшен вебинар барысында мемлекеттік аттестатаудан өткен балабақшалар бойынша:
04.01.2024 ж. – 19.04.2024ж. аралығында 44 (20 мемлекеттік, 24 жекеменшік) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары аттестаттаудан өтті. Оның ішінде: 29 мдұ аттестаттаудан өтсе, 15 мдұ қайта аттестаттауға құжат ұсынғаны туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, біліктілікті арттыру курсы бойынша 2024 жылға берілген 1400 –тің ішінде 400- ден аса педагог курстан өткендігі айтылды. Атап айтқанда балабақшалардың 2024 жылға ұсынған перспективті жоспарында берілген педагогтерді қамтамасыз ету керектігі назарға алынды.
Меңгерушілер тарапынан педагогтерді аттестаттау критерийі бойынша «Эссе жазудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізілсе екендігі жайлы ұсыныс түсіп, келесі аптаға жоспарланды.
Вебинар соңында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жалғастырылатыны және білім беру ұйымдарының басшылары кеңес беру пункттерінің жқмысын жалғасытыру мен аттестаттауға баратын педагогтер құжаттарының мұқият әзірленуін қатаң бақылауға алатыны ескертілді.