«Коллаборативті орта құру – табысты оқыту негізі» тақырыбында жас мамандарға арналған әдістемелік семинар

2024 жылдың 19 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі  коллаборативті орта құру, бірлесе жоспарлаудың тиімділігін көрсете отырып, жас мамандармен  тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру мақсатында  «Коллаборативті орта құру – табысты оқыту негізі» тақырыбында жас мамандарға арналған әдістемелік семинар өткізді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, PhD докторы Г.С. Сағынадин, Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.О. Имакова,  Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Б. Амреева, А.Т. Тусупова коллаборативті орта құру, бірлесе жоспарлаудың тиімділігін көрсете отырып, коучинг жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлімінде жас мамандарға арнап ашық сабақтар көрсетті. Семинар соңында, қатысушы жас мамандар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *