«Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар- тренингтер

2024 жылдың 18-19 сәуір күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен №№32,47,57,80,94 мектептерінің ата-аналарына «Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» атты тақырыпта семинар-тренингтер өткізілді.

Психологиялық қолдау бөлімінің әдіскерлері әңгімелесу, рөлдік ситуациялық жаттығулар, бейнероликтер арқылы балалармен тиімді қарым-қатынас жасаудың сәтті жолдары, ата-ана мен бала қарым-қатынасын үйлестіру әдістерімен бөлісті.

Әдіскерлер балалар мен ата-аналар арасындағы оң қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша ата-аналарға ұсыныстар берді. Кері байланыс ретінде психологиялық сауалнама таратылды. Сонымен қатар, ата – аналарға қаламыздың бес ауданында жұмыс істейтін психологиялық- консультативтік көмек көрсету кабинеттері және психологтың ақысыз негізде кеңес алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *