Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған оқыту семинар өтті

2024 жылғы 18 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай КММ «№38 Мектеп-лицейінде» ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған  «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беру моделі» тақырыбында  оқыту семинары өтті.

Семинар барысында:

  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарында  ойын түрін қолданудың маңыздылығы;
  • Балабақшадағы баланың сөйлеу тілін түзетудегі заманауи тәсілдері туралы оқыту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, семинар  қатысушыларымен «Педагогтардың эмоционалды тұрақтылығы»  тақырыбында тренинг өткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған