2024 жылдың 18 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес № 84 «Кәусар» балабақшасында «Балабақшадағы экологиялық зерттеу жұмыстары- табиғат тіршілігін ұғыну көзі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Бұл іс-шара экологиялық шеруден басталды. Балалар мен тәрбиешілер әртүрлі гүлдер мен өсімдіктер бейнесінде киініп жайқалып тұрған табиғат көрінісін бейнеледі.
«Балабақшаның аймағын абаттандыру және көгалдандыру үдерісі өте маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмыс екені айқын. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру дегеніміз білім беру қызметін жүргізу және білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар балабақша аймағының эстетикалық тартымды көрінісін жасау болып табылады»- деп меңгеруші Балауса Толеугалиевна алғы сөз алды.
Балабақшада экологиялық білім беру негіздері, зерттеу-модельдеу технологиялары» тақырыбында әдіскер Маратова Гульдана Муратбековна баяндама жасады. «Айналайын» тобының тәрбиешісі Жанабылова Раушан Кабденовна табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Құстар-біздің досымыз» атты ұйымдастырылған іс әрекет өткізді.
Семинар барысында тәрбиеші Омарова Мейрамгуль Бектұрқызы «Болашақ» ересек тобымен «Эко-үйшіктер әлеміне саяхат» ұйымдастырды.
Психолог Тулебаева Маржан Кабдыгалиевна «Ландшафтық дизайн- ғажайып әлем» тақырыбы бойынша шебер-сынып өткізді.
Семинар-практикум соңында «Арайлы Астана» сауықтыру саябағына және «Тәрбие бағы» танымдық саябағына экскурсия жасалды.