Жас денешынықтыру нұсқаушылары арасында эстафеталық сайыс өтті

2024 жылдың 18 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы «Тоғыз құмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» және мектепке дейінгі ұйымдардың дене шынықтыру ассоциацияның ұйымдастыруымен «Алаңдағы бестемше ұлттық ойын жарысы ұйымдастырылды.

Сайысқа Астана қаласының мектепке дейінгі дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты.

Сайыс талаптары «Мектепке дейінгі ұйымдардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру және мектепке дейінгі ұйымның үздік дене шынықтыру нұсқаушыларын анықтау, салауатты өмір салтын ұлттық спорт арқылы насихаттау.

Жарысты ұйымдастыру және өткізу үшін жарыстың жұмыс тобы және төрешілері құрылды.

Сайыс соңында жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен №66 «Толағай» балабақшасының  дене шынықтыру нұсқаушылары марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен №52 «Еркетай» балабақшасы дене шынықтыру нұсқаушылары марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен №69 «Еркемай» балабақшасы дене шынықтыру нұсқаушылары марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жеңіске жеткен жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Астана қаласы әкімдігінің №5 «Ақбота» балабақшасымен бірлесе  отырып, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы ғимаратында алғаш рет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері мен дене тәрбиесінің нұсқаушыларына арналған «Алаңдағы бестемше» ұлттық ойынынан Республикалық жарысқа жолдама берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған