Ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері

2024 жылғы 17 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №96 «Аяла» арнайы балабақшасында  ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен арнайы мамандарына арналған  «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері»  тақырыбында   семинар-практикум өтті.

Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының  сенсорлы интрегация элементтерін қолдана отырып балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар  қатысушыларымен  Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық іс әрекетін заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығулар  арқылы дамыту жолында  түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *