Эксперименттік алаңдардың қызметі

2024 жылғы 17 сәуір күні №46 балабақша-мектеп-гимназиясында «Эксперименттік алаңдардың қызметі»  аясында Республикалық практикалық

семинар өтті.

Семинарға 100-ден астам елорданың балабақша әдіскерлерімен тәрбиешілері, педагогтері  және Қостанай облысының педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында балабақша тәрбиешілері мен педаготері эксперименттік алаңдардың шеңберінде білім беру кеңістігін құру бойынша сабақтар, шебер-сыныптар арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, тілдік құзыреттілікті арттыруға бағытталған дебаттық турнирді неміс тілі пәндері педагогтері өткізді.

Семинар соңында, кешеннің педагогтері мен психологы іс-шара бойынша рефлексияны тренинг түрінде өткізді, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстары мен кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған