2024 жылдың 16 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Білім мен үлгерімнің жоғары стандарттары: Жапонияның білім беру жүйесіндегі жетістіктер» тақырыбындағы халықаралық тағылымдамадан кейінгі PITCH-сессиясын ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушылар Жапон еліндегі білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны, ерекшеліктері мен ұлттық өмірлік ұстанымдарымен танысып, екі ел арасындағы мәдени құндылықтардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы мәлімет алды. Жапондық білім беру жүйесінің озық тұстарының Астана қаласы ТжКББ ұйымдарындағы «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтарының оқу үрдісіне бейімдеп, енгізу туралы сөз қозғалды.
Іс-шараға 40-тан астам педагог қатысты.
Осындай шаралардың қазіргі таңда алар орны ерекше!! тиімділігі де жоғңары! Сәттілік