«Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі

Астана қаласында 2024 жылдың 17-21 сәуір аралығында «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

«Astana Eurasian Book Fair – 2024» көрмесіне Ресей, Түркия, Иран, Өзбекстан, Испания және Қытай мемлекеттерінен баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компанияларын ұсынатын 70-ке жуық компаниясы қатысады.

Кітап көрмесінің салтанатты ашылуына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, шет мемлекеттердің елшілері мен елордалық білім беру ұйымдары қатысады.

Осыған орай, Білім басқармасы білім беру ұйымдарының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына көрмеге қатысу мәдениеті мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықпен таныстырылды.

Ашылу салтанаты 17 сәуірде сағат 11:00-де Г. Әлиев көшесі, 12 мекенжайындағы Конгресс орталығының фойесінде өтеді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған