«Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Жас аспазшы» республикалық байқауы

Аспаздық дағдылар мен халықтық аспаздық дәстүрлерге қызығушылықты дамыту арқылы оқушылардың тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру.

мақсатында 2023 жылғы 21 қараша мен 2024 жылғы 30  наурыз аралығында  «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Жас  аспазшылар» онлайн республикалық байқауы өткізілді. Байқау 2 кезеңнен тұрады:

  • «Менің елімнің аспаздық дәстүрлері»;
  • «Бүкіл әлем бойынша аспаздық саяхат».

Байқауға Астана қаласының бастауыш сыныптары арасында салауатты тамақтану бағдарламасын жүзеге асыратын 11 педагог (№№8, 10, 38, 44, 51, 52, 63, 66, 70 мектептерінен) қатысып, өз жұмыстарын жолдады.

Байқауға  ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • ас мәзірлердің өзіндік ерекшелігі және оның ұлттық тамақтану дәстүрлеріне сәйкестігі;
  • тағамдар туралы егжей-тегжейлі және нақты әңгіме, сонымен қатар мәзір сипаттамасы (ингредиенттер тізімі және олардың саны, пісіру технологиясы);
  • тағамды әрлендірудегі сұлулық пен өзіндік ерекшелігі.

Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Утешова Эльвира Аралбаевна – Ш.Ташенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы;

Кемелова Аяулым Кайырбековна – М.Шоқай  атындағы №51 мектеп-гимназиясы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *