Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен химия пәні мұғалімі, PhD Қожантаева Ақмарал Ғабитқызының іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Ғылыми жоба-ғылыми бастама» атты химия пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында Қожантаева Ақмарал ғылыми жоба жазудың ерекшеліктері мен талаптары және ғылыми зерттеу жүргізудегі цифрлық платформалар мен мүмкіндіктер бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми жобаны рәсімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.
Тәжірибе алмасу мақсатында Ақмарал Ғабитқызының оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының I дәрежелі диплом иегері Сатыбалдин Батырхан «Биологиялық белсенді заттардың фитохимиялық анализі» тақырыбындағы жұмысын таныстырды.
9-сынып оқушылары Рымжан Дана, Алтынбек Ақерке, Жусупова Аяна ғылыми жұмыстары мен шебер сыныптарын ағылшын тілінде көрсетті.
Іс-шараға қатысушылар үздік іс-тәжірибесімен бөліскен Ақмарал Ғабитқызына және осы шараны ұйымдастырған Шарипа Химанқызына алғыстарын білдірді.