Заман талабына сай пәнаралық байланысты өмірлік тәжірибелерде қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Астана қаласының білім беру ұйымдарының химия, биология, физика, география пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шарада білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне сапалы қолдау көрсету мәселесіне басты назар аударылды.
Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова қатысушылармен бірге қазіргі заманғы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер саласындағы білім берудің заманауи талаптары мәселелерін талқылады.
Педагогтер ынтымақтаса жасаған тәжірибелік шара спикерлеріне ризашылықтары мен ұсыныстарын білдірді.