«Халықаралық бакалавриат бағдарламасының   тәжірибесіндегі – пәнаралық интеграциядағы  инновациялық тәсілдер»   

2024 жыл 12-сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК “Шейх Тәмам бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей” ШЖҚ МКК мекемесінде «Халықаралық бакалавриат бағдарламасының   тәжірибесіндегі – пәнаралық интеграциядағы  инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы қалалық  тәжірибе алмасу семинары өтті.     

Аталмыш семинардың мақсаты: Математика пәні мұғалімдерімен  халықаралық бакалавриат тәжірибесіндегі пәнаралық интеграциядағы инновациялық тәсілдермен бөлісу арқылы тәжірибе алмасу.

Қалалық семинарда  ұстаздар өз тәжірибелерімен бөліссе, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығынан келген Қилымбек Қапатұлы «Алтын түлек» олимпиадасының ерекшеліктері және есептеріне талдау» тақырыбында математика пән мұғалімдеріне  өз жұмысының нәтижесі және оқушыларды дайындаудың тиімді жолдарын ұсынды.

Тоганбекова Асемгуль Адильбековна “Математика пәні бойынша халықаралық бакалавриат – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру перспективалары” тақырыбында шебер сынып өткізсе, Кәріпова Айдана Талғатқызы бүгінгі білім саласындағы ең маңызды болып саналатын «Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуді ұйымдастыру» тақырыбында   ұстаздармен практикалық жұмыстар жүргізді.

Ұстаздар өз сабақтарында халықаралық бакалавриат бағдарламасының тәжірибесіндегі – пәнаралық интеграциядағы инновациялық тәсілдерін қолданып,   сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп шықты. Білім алушылардың да белсенділіктері өте жоғары болды.

Семинар соңында қатысушылардан кері байланыс алынып, алдағы уақытта өтілетін семинар алаңдарында қандай өзекті тақырыптарды алуға болатындығы талқыланып, қатысушы ұстаздар өз ұсыныстарымен ой бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *