2024 жылдың 13 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Қ.Сәтбаев атындағы BINOM School мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен ұлы ғалым және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚАНЫШ СӘТБАЕВ САЛҒАН ЖОЛ – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.
Іс-шара пленарлық отырыстан басталып, белсенді секциялық талқылаумен жалғасты. Білім беру ұымдарынан әр секцияға қатысқан педагогтер өз жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсете білді.
Біз барлық құрметті қонақтарға ғылыми диалогты байытуға қатысқаны және қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!