Бірнеше жыл бойы көптеген ғылыми және педагогикалық пікірталастардың басты назары инклюзивті білім берудің жаһандық мақсатына қол жеткізуге әсер ететін қосудың теориялық негіздерін іс жүзінде іске асырудың тиімді стратегияларын іздеуге аударылды. Оның басты мақсаты – шын мәнінде гуманистік қоғам ретінде инклюзивті қоғам құру, ал оның негізі инклюзивті мәдениет болып табылады.
Осыған байланысты, Астана қаласы Білім басқармасының, Әдістемелік орталықпен бірге инклюзивті білім беру мәселелері бойынша екі күндік халықаралық теориялық және практикалық семинар ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Израиль Мемлекетінің спикерлері («SULAMOT GROUP» компаниясының директоры және негізін қалаушылардың бірі) мен «Zhas Urpaq INC» жобасының өкілдері – «SULAMOT GROUP» Израиль орталығының Қазақстан Республикасындағы ресми серіктесі, сонымен қатар, «AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық бірлестігі, Астана қаласының Біліктілікті арттыру орталығы, «Мозаика» түзеу мектебі, Семей қаласындағы «Әлихан Бөкейхан университеті» оқу орнының педагогика және психология кафедрасы өкілдері қатысты.
Аталған семинардың мақсаты – мұғалімдердің назарын инклюзивті білім беру мәселелеріне аудару, мүмкін болатын шешімдерді іздеу және мұғалімнің конструктивтік және түзету құзыреттерін дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Бұдан басқа, жаңашыл білім беруде инклюзивті қолдау жұмысы, педагогтер мен мамандардың білім беру практикасы мен технологиялары таныстырылды. Семинарда мұғалімдердің пікірлері тыңдалып, болашақта инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері көтерілді, инклюзивті білім берудің өзекті тақырыбы бойынша сындарлы диалог өтті.
Форум қатысушылары: инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары, білім беру жүйесінің мамандары, Израиль мемлекетінің Қазақстандағы елшілігінің консулы, Израиль мемлекетінің инклюзивті білім берудің өкілдері мен мамандары, ата-аналар, білім беру ұйымдарының мұғалімдері.