Астана қаласы Білім басқармасымен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бірлесе отыра 2024 жылы 08 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия» КММ базасында білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшылары, орталық әдіскерлеріне педагогтерді аттестаттау жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинарға білім беру ұйымдарынан, әдістемелік орталықтан 250-ден аса басшылар, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшылары, әдіскерлер қатысты.
Семинарға қатысушылар педагогтердің аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген өзгерістер бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып кері байланыс алды.