Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту бөлімі» 2024 жылы 09 сәуір күні онлайн форматта Астана қаласы білім беру ұйымдарының педагогтеріне педагогтерді аттестаттау жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Вебинарға 500 педагог қатысты.
Вебинар аясында бөлім басшысы Рамазанова А.Е. мен әдіскер Құрмашев Д.М. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарының талаптарын түсіндірді.
Жиынға қатысушылар педагогтердің аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген өзгерістер бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып кері байланыс алды.