«Аутизм . Мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында қалалық апталық іс-шаралар өтті

2024 жылдың 01-05 сәуір аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  әдіскерлері және «№ 1, № 2 оңалту, №1 Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы», №1, 2, 4, 5, 8 ПМПК,

№31 мектеп-гимназиясы, №1,2,4 ППТК  орталықтарымен бірлесіп, «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» атты қалалық апталық іс-шаралары өткізілді.

      Семинардың мақсаты: педагогтердің кәсіби құзыреттілігін әдістемелік көмек көрсету арқылы дамыту.

Семинар барысында «Аутист балалармен жұмыс істеуде кешенді тәсіл», «Аутизм. Сүйемелдеу стратегиялары», «Аутизм. Алғашқы қадамдар», «АСБ-бар балалардың сенсорлық қиындықтары: теория және практика»,  «Арнайы білім қажет ететін  балалардың ата-аналарына көмек», «Аутизм орталықтарында АСБ бар балалардың жұмысын ұйымдастырудағы ерекшеліктер» «Менің сезім әлемім» «Ойнап, үйретеміз!» тақырыптарында ата-аналарға консультация  ашық есік күні, арнайы мамандарға мен ата-аналар үшін шебер-сыныптар, бірлескен практикалық іс- шаралары өтті. Білім алушылардың АСБ бар балаларға толеранттылықты қалыптастыру мақсатында   суреттер,тақырыптық көрмелер, шығармашылық  жұмыстар ұйымдастырылды.

Аутизм орталығының мамандары өзінің тиімділігін дәлелдеген қолданбалы мінез-құлықты талдау әдістемесі (АВА әдісі) және басқа да әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша іс тәжірибелерімен бөлісті.

          Сонымен қатар, АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлық көрсету кезінде мінез-құлық стратегияларын қолдану, ата-аналармен кері байланыс жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

Семинар соңында қатысушылар ашық диалог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған