Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2024 жылдың 5 сәуірі күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен «Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне «Заманауи білім берудегі сапалы өзгерістер: оқу үрдісіне жаңа көзқарас» атты қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Оқыту ісінде алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану, олардың ең тиімділерін сұрыптап қолдану. Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар № 70 мектеп-лицейінің директоры Г.П.Байменованың алғы сөзімен басталды. Семинардың басты пленарлық бөлімінде Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК Орта білім беру бөлімінің әдіскері Н.К. Әзімбай «Жапонияның білім беру жүйесі» жайлы ақпаратпен бөліссе, қала мектептерінен келіп қатысқан №91 МГ мұғалімдері А.М.Абулгазиева «Бастауыш сынып сабақтарындағы технологияны болжау», А.С.Жумагулова «Бастауыш мектепте оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері», №89 МЛ мұғалімі И.Қ.Серикбаева «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлімінде 5 ашық сабақ, екі шебер – сынып және 1,3,4 – сынып білім алушыларының халықаралық бакалавриат бағдарламасының элементтерін қолдана отырып «Зерттеу негіздері» вариативті сабақтарынында жүргізілген жұмыстарының көрмесімен жалғасты.

4-сыныптар Қоршаған ортамен бөлісу, 3-сыныптар «Біз уақыт пен кеңістікте қайдамыз» деген екі үлкен юнитта концептуалды сұрақтарға жауап іздеп, зерттеу жұмыстарын жасады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген жұмыстың бірі «Шалқан» ертегісі мен «Шырылдауық шегіртке» мысалдарының қойылымы көрсетілді.

Семинар соңында, ұстаздар семинардан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған