ЕЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖАС ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

2024 жыл 3 сәуір Астана қаласы әкімдігінің «№18 орта мектебі» ШЖҚ МКК базасында елорда мектептерінің жас директорларына арналған «Функционалдық сауаттылықты дамытудағы белсенді объектілердің тиімді педагогикалық және әкімшілік практикасы» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Семинар тәжірибе алмасу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін бағдарламаларды, әдістер мен тәсілдерді іске асырудың проблемаларын, перспективалары мен мүмкіндіктерін жариялау мақсатында өтті.

Семинардың пленарлық (теориялық) бөлімінде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі» тақырыбы бойынша ақпарат беріліп, Финляндияның білім беру жүйесінің халықаралық сарапшысымен тікелей эфирге қосылды. Сонымен қатар, қатысушыларды функционалдық сауаттылықтың даму деңгейін анықтауға көмектесетін қолданбалы тапсырмалар түрлерімен таныстырды.

Семинардың практикалық бөлімінде 19 ашық сабақ топтамасы көрсетіліп, сондай-ақ 3 шебер-сынып өткізілді.

Іс-шара соңындағы тренинг барысында қатысушылар кері байланыс беріп, пікір білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған