БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ: ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАРЛАУ, БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ, НӘТИЖЕНІ БАҒАЛАУ

2024 жылдың 29 наурыз күні Түркістан қаласында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің Педагогтер қауымдастығы мен Шығармашылық топ мүшелері және  Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейі біріге отырып,  күллі түркі әлеміне танымал тұлға, ақын, философ Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында  «Білім беру әдістемесі: жүйелі жоспарлау, белсенді оқыту, нәтижені бағалау» тақырыбында республикалық тәжірибе алмасу алаңын өткізді.

Сабақты  оқыту әдістемесінен  бағалауға дейінгі тәжірибемен бөлісу мақсатындаөткен іс-шарағаТүркістан қаласының педагогтері қатысты.

         Семинарды Педагогтер қауымдастығы мен Шығармашылық топ  жұмысын үйлестіруші  Жанар Сейдахметқызы, Түркістан қаласының білім басқармасы басшысы Оразкүл  Шайхықызы, №28 мектеп-лицей директоры Ляззат Жаналықызы тәжірибе алмасу алаңының мақсат-міндеттері және өту барысымен таныстырып өтті. Семинар Педагогтер қауымдастығы мен Шығармашылық топ мүшелерінің шебер сабақтарымен жалғасын  тапты. Шебер сабақтар сабақты жүйелі жоспарлаудан бастап бағалауға дейін бір-бірін толықтыратын, бір-бірімен байланыстырылған жүйелі сабақтар топтамасы түрде өткізілді. Шебер сабақ тақырыптары:  «Оқу мақсаттары – нәтижеге  жету кілті» (Имакова Л.О. –  №77 МГ;  Берекетова Г.К. –  №67 МГ),  «Оқытудың белсенді әдістерін сабақ жоспарлауда тиімді пайдалану» (Сисанова Г.К.– №65 МГ, Жексенбина А.Б. –  «Silk-Road corporation» ЖШС «Дара» Бизнес-академиясы» МЛ), «Сабақ жоспарлау кезінде сараланған тапсырмалар жүйесін жасау»  (Боканова А.А– Ахмет Байтұрсынов атындағы Binom School МЛ, Акшолакова Л.К. – №79 МЛ) «Ерекше білім беруді оқыту. Теориядан практикаға дейін» (Букенова Г.А.,Баймуратова Б.А, Ондыбаева А. К – №64 МЛ), «Көркем шығарма – құндылықтар бастауы» (Хамзина Г. С.- №56  МЛ, Абдикадырова Г. С.- №78 МГ), «Бағалау – сапалы  оқытудың кепілі»  (Толеубаева С.Ж. – №86 МГ, Алпанова Ж.Б –  Қ. Мырза-әлі ат. Binom School МЛ). Шебер сабақтың соңы (Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мұғалімдері Абдрашева Қ. О., Карамурзина М. Ж) Қожа Ахмет  Яссауи шығармасын оқыту әдістемесін таныстырумен аяқталды.

Семинар барысында шебер ұстаздар сабақтың мақсатын, ондағы тапсырмалардың сәйкестігін, ерекше білімде берілетін жұмыстың жүйесін, бағалаудың тиімділігін көрсете отырып, тұтас бір сабақтың құрылымын жасап шықты.

Сонымен, күллі түркі әлеміне танымал тұлға, ақын, философ Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай өткізілген «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылған  Педагогтер қауымдастығы мен шығармашылық топтың  республикалық тәжірибе алаңына қатысушылар  іс шараға оң бағасын беріп жатты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған