Озық әлемдік тәжірибені пайдалана отырып математиканы оқытудың ерекшеліктері

2024 жылғы 18 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Quantum STEM School базасында «Озық әлемдік тәжірибені пайдалана отырып математиканы оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті.

Шеберлік-cынып сабақтарына қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысып, білікті спикерлердің іс-тәжірибелерімен танысты.

Әдістемелік орталық әдіскері Қ.Нұртаева және қала мектептерінің математика мұғалімдері М.Т.Смаилова, А.А.Райымбекова, Д.М.Темирова, Ж.М. Мықтыбай «Оқушыларға статистика бөлімін оқыту процесінде қолданбалы бағытты жүзеге асыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Сабақ барсында оқушылардың статистика бөлімін түсініп оқуға және оқуда алған дағдыларын өмірде қалай қолдануға болатыны туралы тәжірибелерімен бөлісті. А.К.Хасенов, Б.Ж.Балыкова, Д.Д.Жармагамбетова 10-11 сынып мұғалімдеріне арналған «Статистика 21 ғасыр дағдыларын дамыту құралы ретінде» шеберлік сыныбында статистика сабақтарында ақпараттық сауаттылықты дамыту және үлкен ағынды ақпаратты қабылдауды, оның ішінде шыңайы ақпаратты анықтауды және күмән тудыратын ақпараттың барлығын алып тастау керектігі туралы атап өтті. А.К.Акжанов, Ф.К.Агжанова,К. Ермекбаева «Manipulatives құралдарын қолдану арқылы математика пәнін оқыту мүмкіндіктерін кеңейту» атты тақырыпты ашып, қатысушыларды математика пәнін оқыту барысында сингапурлық әдістерді және қосымша құралдарды қолданып оқу процессін қалай жеңілдетуге болатынын көрсетті. Б.Е.Батыров, Б.Т.Дощанов, А.Ж.Асанов «Кембридж білім беру жүйесі бойынша 10- сынып тақырыптар мысалында математика пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында оқушы дағдыларын дамытуға қалай ықпал етуге болатыны туралы тәжірибесімен бөлісті. Ж.Н. Турдалы, А.А.Аймжанова, Р.Г. Султан, Ж.М.Асанова «Ғылыми-зерттеу қызметінің элементері және қосымша ресурстарды пайдалану» атты тақырыбын тереңінен ашып, мұғалім оқушыларды ізденіске бағыттау, қолайлы оқу ортасын құру үшін қандай құралдармен қамтамасыз ету және практикалық дағдылар дамыту керектігін көрсетті. Қ.С.Искакова, Д.Қ.Кусайнова, Р.Анапьянов «Мәселелік есептерді шешуде плитка әдісін қолдану» бойынша тәжірибесімен бөлісті. Бұл шеберлік-сыныбында мәселелік есептерді шешуде математикалық моделді құру үшін, сингапурлық плитка әдісін пайдалануды, плитка әдісінің тиімділігін көрсетті.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді. Кері байланыс Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған