Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындау

Ағымдағы жылдың 27 -28 наурыз күндері №62 мектеп-лицей базасында Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен «Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындау» тақырыбында семинар –практикум өтті.

Семинар-практикумның мақсаты мен міндеті:

Педагогтардың кәсіптік қызмет үшін қажетті жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын және креативті ойлауын дамыту үшін, құзыреттілігін жетілдіру.

«функционалдық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылық», «оқу сауаттылығы», «креативті ойлау» ұғымдары туралы теориялық және ғылыми-әдістемелік білімді өзектендіру;

тапсырмалар мысалдарын қолдана отырып, ЖҒС, ОС және КО қалыптастыру және дамыту мүмкіндіктерін көрсету;

білім алушылардың ЖҒС, ОС дамыту үшін тиімді әдістер мен тәсілдерді пайдалану қажеттілігін көрсету;

мектеп оқушыларының креативті ойлауын, ЖҒС және ОС дамыту бойынша тапсырмаларды қолдана отырып, білім беру үдерісін құрастыру дағдыларын жетілдіру.

Семинар-практикумда №62 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Дүйсеева Айгул Ермекбайқызы төмендегі тақырыптарды қарастырды.

— PIZA нәтижесі- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың көрсеткіші

— Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалардың сипаттамасын талдау (мазмұндық саласы, құзыреттілік саласы, контекст, тапсырманың күрделілік деңгейі)

— Биология сабақтарында функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды талдау және орындау

— Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық: сабақта оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды қолдану

— Мұғалімнің тәжірибесінде креативті ойлауды дамыту бойынша тапсырмаларды қолдану дағдыларын пысықтау

Семинарға қатысқан әр пән мұғалімдері өздерінің функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырма құрып ортаға ұсынды. Тапсырма құрастыру барысында оқушыларға дайын білім мен идеяларды ұсыну емес оқушылардың өздері де идея ұсынып, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға болатындығы туралы айтылды.

Педагогтер семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, ұйымдастырушы мен спикерге алғыстар жеткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *