2024 жылдың 29 наурыз күні № 47 «Ақ желкен» балабақшасында Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлері қауымдастығының «Кәсіби шеберлікті шыңдау арқылы педагогтердің шығармашылығын арттыру» тақырыбында қалалық семинары өтті.
Семинар барысында спикерлер: №30 «Қайнар» балабақшасының әдіскері Р.Т.Ищанова «Тәлімгерлік – бұл тұлғааралық қатынас», №34 «Ақ бидай» балабақшасының әдіскері Г.С.Тусупбергенова «Инклюзивті қолдау кабинеті – балабақшадағы білім берудің жаңа форматы», №87 «Қадыр» балабақшасының әдіскері Л.Ж.Аханова «Ұлттық құндылықтар арқылы ерте кәсіптік бағдарлау қабілетін дамыту», №80 «Ботақан» балабақшасының әдіскері «Педагогикалық менеджмент – мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру құралы ретінде» және №22 «Әлем» балабақшасының әдіскері Н.Т.Толеубаева «Формирование родительской компетентности в семьях, воспитывающих деетй с особыми образовательными потребностями» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында әдіскерлер ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу бойынша біршама мағлұмат алды.
Әдіскерлер қауымдастығының жетекшісі Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы семинардың қорытындысын жасап, әдіскерлердің
сұрақ-жауаптары мен ұсыныстарын ортаға салды.