«Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» тақырыбында II-ші халықаралық жастар форумы өтті

2024 жылғы 28 наурыз күні №26 мектеп-гимназиясында «Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» тақырыбында II-ші халықаралық жастар форумы өтті. Форумның мақсаты: бейінді педагогикалық бағыттағы білім алушыларға мақсатты қолдау көрсету үшін тәжірибе алмасу.

Форумға Қазақстанның өңірлерінен, елорда мектептерінен 100-ден астам педагогтер, жас мамандар мен «Педагогикалық сынып» пилоттық жобадағы оқушылары, жоғары оқу орындары өкілдері, отандық әлеуметтік серіктестер және Мәскеу, Украина мемлекеттерінен әлеуметтік серіктестер қатысты.

Іс-шара аясында: Пленарлық «Бейінді педагогикалық сыныптан педагог мамндығына жол» және «Мен және менің мамандығым», «Мен өз бойымда заманауи мұғалімді ашамын!» бөлімдері бойынша жұмыс алаңдары ұйымдастырылды. Осы бөлімдер шеңберінде «Педагогикалық идеялар шытырманында» оқушылардың қатысуымен командалық ойыны және командалық кейстерді құрастырды. Сонымен қатар, педагогтердің қатысуымен «Сәттілік қадамдары» тақырыбында  іскер әңгімелесу болды.

          Форум соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған