2024 жылғы 27 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы №77 мектеп – гимназиясында республикалық «1000 мектеп» жобасына енген мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектеп директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Білім сапасы және оған әсер етуші факторлар» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинар барысында №77, №49, №58 мектеп – гимназияларының, №53 мектеп – лицейінің, №19 орта мектебі директорының орынбасарлары оқу процесінің сапасына бақылау жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушыларға мектепішлік бақылауды жоспарлау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.