«Әдістемелер» байқауының қалалық кезеңі өткізілді

«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасының әдістемелік компонентін жетілдіру және ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпқа қызығушылықты қалыптастыруға байланысты үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2024 жылғы 28 наурыз күні бастауыш сынып педагогтері арасында «Әдістемелер» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Байқауға Астана қаласының бастауыш сыныптары арасында салауатты тамақтану бағдарламасын жүзеге асыратын 6 педагог (№№22,44,56,64,70 мектептерінен) қатысып, өз жұмыстарымен таныстырды.

Байқауға ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасына тақырыптық сәйкестігі;
  • Жаңашылдық және өзіндік ерекшелігі;
  • Методологиялығы;
  • Технологиялығы;
  • Тиімділігі.

Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Серикбаева Айдана Маратовна – 1 орын, Ш. Құдайберді атындағы
№56 мектеп-лицей;

Жакишева Салтанат Кенжегалиевна — 2 орын, Р. Қошқарбаев атындағы
№44 орта мектеп;

Тажибаева Камшат Балгинбаевна — 3 орын, С. Қожанов атындағы
№64 мектеп-лицей.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *