2024 жылғы 27 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №23 «Алтын бесік» арнайы балабақшасы педагогтерінің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандарына арналған «Көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын ойын әрекеті арқылы қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар барысында көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы «Формирование эмоционально-ценностного отношения ребенка к родному краю», «Алтын сақа», «Ұлттық құндылықты дәріптейміз», «Нейрологоритмика с ложкамиа» атты ашық іс-әрекеттер мен балалардың танымдық іс әрекетін заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығулар арқылы дамыту жолында түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер сыныптар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.