Цифрлық сауаттылықты арттырудың практикалық негіздері

2024 жылғы 27 наурыз күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының IT бөлімі Есіл аудандарына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Цифрлық сауаттылықты арттырудың практикалық негіздері» тақырыбында онлайн оқыту семинарын өткізді.

IT бөлімінің басшысы Ғалиахмет Ришатұлы Google сервистерінің маңыздылығына тоқталды.

Екінші бөлімде IT бөлімінің әдіскерлері Жанұзақ Абай Google Диск интерфейсі, функциялары және G-mail почтамен үйлесімділігі, Canva тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Қамижан Болатхан Google сервисінің Google кесте, Google Форма, Google Docs және Slides, Qr-код,   сияқты негізгі платформалардың жұмыстарын таныстырып, практика жүзінде мүмкіндіктерін көрсетті.

Оқыту семинары  соңында әдіскерлер қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 6 әдіскері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған