«ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША: ТЕОРИЯДАН ІС-ӘРЕКЕТКЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

2024 жылғы 4 сәуір күні «ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША: ТЕОРИЯДАН ІС-ӘРЕКЕТКЕ» республикалық форумы (бұдан әрі – Форум) өтеді.

Форумды ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК

Форум форматы: офлайн/онлайн

Өткізу күні: 04.04.2024 ж.

Өткізу уақыты: 09:00-17:00

Өткізу тілі: қазақ, орыс

Форум туралы толық ақпаратты https://astana-modern.edu.kz/ сайтынан біле аласыз.

Республикалық форум жұмысына мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші сарапшылар, педагог-практиктер, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Форум жұмысында пленарлық отырыс және Table-Talks пікірталас алаңдары өтеді.

Форум аясында мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық әзірлемелердің, технологиялар мен әдістемелердің кешенді көрмесі өтеді, мамандандырылған басылымдар, көрнекі құралдар, оқу және әдістемелік материалдар, «Bilimland», «Алматыкітап», «Шикула и К» және «Bil-Bala» кітап баспаларының дамытушы және танымдық әдебиеттері, I-SANA TECHNOLOGY компаниясымен Асық федерациясының жаңа технологиялары ұсынылады.

Форумның өтетін орны: Астана қаласы Шейх Халифа Бен Зайда Аль Нахаян атындағы №84 мектеп-лицей, Ұлы дала даңғылы 41/1

Ұйымдастыру комитетімен байланыс:

Тел.: +7 (7172) 48 11 57

е-mail: modern_do@mail.ru

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған