«Күй өнері және тәрбие» тақырыбында қалалық семинар өтті

              2024 жылғы 26 наурыз күні №72-ші мектеп-лицейінде Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспары бойынша орта білім беру ұйымдарының музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Күй өнері және тәрбие»  тақырыбында қалалық семинар өтті.

           Семинарды өткізудің мақсаты ұлттық күй өнерінің құндылығы мен маңыздылығын көтеру, кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ету, домбыра үйрету бағдарламаларындағы педагогикадық әдіс тәсілдерді жетілдіру болып табылады.

  ҚазҰӨУ «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының оқытушысы ҚазҰӨУ «Дәстүрлі музыкалық өнер» факультетінің аға оқытушысы, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай Әлімханұлы «Күй өнері халқымыздың тұғыры биік асыл мұрасы» тақырыбында, ҚазҰӨУ «Вокалдық өнер және хор дирижерлау» ПЦК оқытушысы, күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсенгазиев Бақытжан Бисенбаевич «Домбыра үйірмесін ұйымдастырудағы өзекті мәселелер», МәшҺүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі  Нұрахмет Нұрболат Бекенұлы «Мектеп үйірмесінде домбыра үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында, №92 мектеп-лицейінің  музыка пәні мұғаліміБекбаева Камшат Ережепхановна «Шертер ұлттық музыкалық аспабының орындалу ерекшеліктері» тақырыбында өз іс-тәжірибиелерімен бөлісті.  Семинар барысында спикерлер білім алушыларға күй өнерін ұлттық тәрбие, құндылықтар негізінде  үйрету, күй аңызының түрлі нұсқадағы  шығу тарихымен таныстыру, домбыра және шертер  аспабын меңгертудегі әдіс-тәсілдерімен  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.   Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 51 мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған