«Нейробика» семинар-тренингі

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі қаламыздың білім беру ұйымдарында мидың ойлау жұмысын арттыруға арналған «Нейробика» семинар-тренингін жалғастыруда. 2024 жылдың 18-наурыз күні № 16 мектеп қабырғасында қаламыздың №16, 21, 23, 27, 31 мектеп мұғалімдері семинар-тренингке қатысты. Наурыз айының жоспары бойынша оқыту кестесіне балабақшалар  қосылды. 19-наурыз күні № 46 «Самал» балабақшасының тәрбиешілеріне аталған семинар-тренинг өткізілді. Барлық қатысушыларға ерте жастан мидың ойлау жұмысын дамыту маңыздылығы мен ерекшеліктері түсіндіріліп, жаттығулар орындалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған