Жас психологтарға арналған оқыту семинар-тәжірбиесі.

2024 жылдың 14 наурызында «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі Астана қаласындағы №97 және №67 мектеп-гимназияларында «Әлеуметтік-психологиялық ауытқулардың себептері» тақырыбында жас мамандарға кезекті оқыту семинарын өткізді. «Жас психолог мектебін» құру және жұмысын ұйымдастыру мақсаты – қаладағы мектеп психологтарының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оларға психологиялық-педагогикалық жұмыстың әдістері мен формаларын жетілдіруде кәсіби көмек көрсету. Семинар психологтың жасөспірімдермен жұмысын ұйымдастыруға және жасөспірімдердің кикілжің жағдайларда өзін ұстау тәсілдеріне бағытталды.

Бөлім әдіскерлері М.А.Рустимова,Т.С.Сатымбекова қала мектептерінің жас психологтарын оқыту бағдарламасын құрастырып дайындап, семинарға қаланың тәжірибелі сарапшы-психологтары О.В.Саратованы, А.А.Есілбаеваны және Р.Ж.Сайлаубаева мен Б.Х.Тұрсынованы шақырды.

Баяндаушылар ұсынған практикалық тапсырмаларды орындауға психологтар белсене қатысып, ата-аналар қауымымен, оқушылармен сапалы әрі тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Семинар барысында жас мамандар спикерлер ұсынған тәжірибелік сабақтардың мысалдарынан мектеп психологының жасөспірімдермен шығармашылық және кәсіби жұмыстарына қажетті тәсілдерге ие болды.

Мектеп психологының жұмысындағы бұл сала психологиялық қызметтің өзінің және қала мектептерінің қызметіндегі ең күрделі және өзекті салалардың бірі екенін, әсіресе қазіргі уақытта семинарға қатысушылар бұл мәселеге назар аударуды ұйғарды. Семинар соңында қатысушылардан рефлексия арқылы кері байланыс алынды, кейін кері байланыс сауалнамасы толтырылды.

Жас педагог-психологтармен одан әрі тәрбие жұмысында шығармашылық ізденіс тілеп, шараны ұйымдастырғандарға алғыс сөздер айтты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *