Балабақша мен бастауыш буын педагогтері арасындағы сабақтастық маңызы

2024 жылғы 18 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен №69 мектеп-гимназиясы базасында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру буыны арасындағы тәрбиелеу-білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда сабақтастықты көрсету мақсатында «Балабақша мен бастауыш буын педагогтері арасындағы сабақтастық маңызы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында:

  • «Білімге құштар ЕрТөстік»;
  • «Қазақ халқының ұлттық киімдері»;
  • «Математика әлеміндегі алғашқы ұғымдар» тақырыбында №69 мектеп-гимназияның мектепалды сынып педагогтері, бастауыш сынып мұғалімдері М.М. Ермаганбетова, Н. Талғат, Б.Т. Серикова, А.Н.Туребекова және №62 «Нұрсәуле» балабақшасының тәрбиешісі Д.К. Карагожина, №91 «Еңлік» балабақшасының тәрбиешісі З.А. Кизатова шебер сынып көрсетті.
  • .«Жұмбақтар сыр шертеді» ата-анамен бірлескен жұмысты №92 «Жауқазын» балабакшасының тәрбиешісі Г.А. Калиякасова және №69 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі К.М. Иманкулова сайыс түрінде өткізді.
  • «Сабақтастық жұмыстары және оның балабақшада жүзеге асуы» тақырыбында №62 «Нұрсәуле», №91 «Еңілік», №92 «Жауқазын» балабақшаларының әдіскерлері Г.Т. Каирбекова, А.А. Ізбасты, А.К.Куркенова түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шараға мектепалды сынып педагогтері, Сарыарқа, Нұра аудандары балабақшаларының әдіскерлері, мектепалды топ тәрбиешілері, №69 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған