Бүгін, яғни 18 наурыз күні Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Шеберден тәлім» жобасы аясында «Сабақ сапасы – ұстаз біліктілігінде» атты қалалық семинары өтті.
Мақсаты:
- халықаралық тәжірибені тиімді пайдалана отырып, инновациялық оқыту технологияларын сабақ үрдісінде қолдану арқылы педагогтерінің жұмысын жетілдіру;
- қатысушылардың қызығушылығын арттыру, әдістемелік көмек ұсыну, жаңа әдіс-тәсіл түрлерімен таныстыру;
- оқытушылардың тәжірибе алмасуы, біліктілігін арттыру және жалпыға ортақ мәселелерді бірлесіп шешу.
Қалалық семинар екі кезең бойынша жүргізілді. Шебер физиктер Б.Жандаева, № 7 мектеп-гимназия, Рахимова Калиман, № 10 мектеп-гимназия PASCO зертханалық құралдарын эксперименттер мен зертханалық жұмыстарда әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын көрсетсе, А.Ахметова, № 24 орта мектебі, Б. Есжанова, № 59 мектеп-лицейі, Б.Касымов, № 87 мектеп-гимназия, Г. Дуйсенова №82″Дарын»мамандандырылған лицейі ашық сабақтар берді. Барлық сабақтар жаңашылдығымен өте тартымды, қызықты өтті, сондықтан №7 мектеп-гимназиясының оқушылары сабақтарда белсенділік танытты.
Семинар соңында математика пәнінің мұғалімі Е. Есмурзина ұлттық құндылықтарды сабақтарда тиімді қолдану тәсілдерін көрсетті, мектеп психологтері тренинг өткізіп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Семинардың қорытынды бөлімінде қатысқан жас мамандар алған әсер- лерімен «Padlet» тақтасы әдісі арқылы бөлісіп, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарда заманауи үрдістегі сапалы білім беруде қолданған әдіс –тәсілдердің барлығы білім сапасын арттыруға бағытталғанын және ұстаздардың ізденімпаздығы мен жаңашылдығына ерекше тоқталып, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар болғандығын атап өтті.