Пәндік олимпиадаға дайындық пен стратегиялық біліктілікті арттыру

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 16 наурыз күні Ы.Алтынсарин атындағы «BINOM school» мектеп-лицей базасында «Пәндік олимпиадаға дайындық пен стратегиялық біліктілікті арттыру» тақырыбында биология пәні педагогтеріне 2-ші қалалық оқыту семинары өтті.

Мақсаты: Педагогтің тәжірибесін, білімін жетілдіру, олимпиадаға әзірлеудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілерін үйрету, оқушының логикалық ойын дамытудың әдістемесін ұсыну.

Пән педагогтеріне арналған I қалалық олимпиаданың жеңімпазы Қасымова Лазим Талғатқызы 10-11 сыныптарда 4 тоқсанда оқылатын және пәндік олимпиада, ҰБТ кезінде келетін күрделі тақырыптарға кеңірек тоқталып, түсіндірді. Сонымен қатар күрделі тақырыптарға арналған тест сұрақтарын қатысушылармен бірігіп шешті.

Семинар соңында 30 сұрақтан тұратын тест беріліп, педагогтер орындады. Жоғары балл алған педагогтерге сыйлық үйлестірілді. Рефлексия барысында педагогтер оқыту семинарының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, шараны ұйымдастырушы Шарипа Химановна мен тәжірибесімен бөліскен Лазим Талғатқызына алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған