Электронды оқулықтар платформасын таныстыру

Барлық «BINOM SCHOOL» мектептері үшін «Алматыкітап» баспасының өкілдері TopIQ.KZ. электронды оқулықтар платформасын таныстыру мақсатында директорлардың орынбасарларына, информатика мұғалімдері мен кітапханашыларына шебер-сынып өткізді.

Кездесуде білім беру стандарттарына сәйкес TopIQ.KZ платформасындағы электронды оқулықтар туралы ақпарат берілді. «Алматыкітап» электронды оқулықтары мен әдістемелік материалдарының басылымдары әртүрлі форматтар мен оқыту әдістерін, бейнероликтерді, аудио-сүйемелдеу және анимациялық иллюстрациялардағы интерактивті ертегілерді, оқу материалын бекітуге және логикалық ойлауды, зейін мен есте сақтауды дамытуға көмектесетін интерактивті тапсырмалар мен ойындарды қамтиды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған