Астана қаласы әкімдігінің №1 арнайы мектеп-интернатында республикалық семинар-практикум өтті

2024 жылғы 15 наурыз  күні Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 арнайы мектеп-интернаты педагогтерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және түзету процесін ұйымдастыру» тақырыбында республикалық  семинар-практикум  өтті.

Семинардың «Тәжірибелік» бөлімінде  №1 арнайы мектеп-интернаты педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен (зиятының бұзылысы бар) жұмыс жасаудағы озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, пән бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шебер-сыныптар, түзету-дамыту бағдарламалары бойынша жеке сабақтар, психологиялық тренингтер, ұлттық ойындар өткізді.

«Теориялық» бөлімде Астана қаласының басқа да арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері баяндама жасап, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау барысындағы  өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Еліміздің  Астана, Атырау, Қарағанды, Саран, Өскемен, Қызылорда, Павлодар, Тараз және т.б. қалалары мен облыстарынан педагогтер қатысқан  Республикалық семинар жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған